Мемлекеттің өркендеуі тек қабылданған шешімдер мен белгіленген жоспарларға байланысты емес. Оның табысты дамуы қоғам мүшелерінің ортақ мақсатқа жұмылып, ел алдындағы міндетін сезінуіне де тікелей қатысты. Заңды құрметтеу, қоғамдық тәртіпті сақтау, өз құқығы мен міндетін білу – өркениетті қоғамның негізгі белгілері.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауларында елдің тұрақты дамуы, мемлекеттік басқару сапасын арттыру және азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы маңызды бағыттар ретінде қарастырылып келеді. Бұл міндеттерді жүзеге асыруда мемлекет пен қоғам арасындағы сенімнің орны ерекше.

