Көптеген жастар заңды тек шектеу құралы деп түсінеді. Бірақ заң — ең алдымен қорғаныс. Жасөспірімдердің құқықтарымен қатар, олардың заң алдындағы жауапкершілігі (әкімшілік және қылмыстық) ерте жастан басталады. «Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды» деген қағиданы жас ұрпақ санасына сіңіру маңызды.

