-5.2 C
Нарынкол
spot_img
ДомойСпортҚазақстандық велоспортшылар Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды

Қазақстандық велоспортшылар Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды

АСТАНА.KAZINFORM — Бүгін Таиланд Корольдігінің Пхитсанулок қаласында өтіп жатқан тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі
Жекелей сындағы жарыста Евгений Фёдоров пен Дмитрий Груздев бақ сынады. Евгений Федоров Азия чемпионы атанып, Дмитрий Груздев күміс жүлдені жеңіп алды. 

Жарысқа барлығы 20 шабандоз қатысты. Нәтижесінде екі отандасымыз да тұғырға көтерілді.

Ерлер, уақытқа жарыс (42,8 км)

Евгений Федоров — 49:12
Дмитрий Груздев — 50:25
Чун-Кай Фенг — 51.14

Осыған дейін Харбинде хоккейден Қазақстан құрамасы жартылай финалға жолдама алғанын жазған едік.

https://kaz.inform.kz/news/taylandta-otp-zhatkan-aziya-chempionatinda-kazakstandik-velosportshilar-ek-medal-zhenp-aldi-7ede34

Жаңалықтар