25 қазан Республика күні қарсаңында, Райымбек ауданының 90 жылдық мерейтойына орай Сарыжаз ауылдық кітапханасында «Тарихы терең, тағдыры кемел — қасиетті туған жер» атты аудандық әдеби-танымдық семинар жоғары деңгейде өтті.
✨ Шараның басты ерекшеліктері:
📚 Тағылымды көрмелер:
Семинар аясында өлкемізден шыққан дара тұлғалар мен ақын-жазушыларымызға арналған “Хантәңірінен ұшқан қырандар” атты көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Кітап оқитын ұлт» жобасы шеңберіндегі «Бала кезімдегі кітап: Қожамен бірге балалық шаққа» — зерделі ұлтқа бастар жол атты арнайы кітап көрмесі көпшілікке таныстырылып, рухани қазынамыз насихатталды.
🗣️ Ұрпақтар сабақтастығы мен өнегелі сұхбат:
Ауыл ақсақалдары, аналар қауымы, ардагер кітапханашылар мен ұстаздар өткен күннің сырлы естеліктерімен бөлісті. Елдің өсіп-өркендеуі, ұрпақтар сабақтастығы мен адамгершілік құндылықтар туралы айтылған салмақты ойлар туған жер шежіресін жаңғыртып, жастарға үлкен өнеге болды.
🎶 Көтеріңкі көңіл-күй мен өнер:
Рухани мазмұнға бай кездесу әсем ән мен жарасымды биге ұласты. Өнерпаздардың көркем өнері кештің көркін кіргізіп, қатысушыларға ерекше эмоция мен ыстық ықылас сыйлады.
Аудан тарихы — ел мақтанышы! Тарихымызды ұлықтап, руханиятымызды бірге байытайық! 📖🇰🇿
«Тарихы терең, тағдыры кемел — қасиетті туған жер» атты аудандық әдеби-танымдық семинар

