Тәуелсіз Қазақстан құрылған күннен бастап ұлтаралық келісімді сақтауға ерекше көңіл бөліп келеді. Елімізде әрбір азаматтың тіліне, дініне, мәдениеті мен салт-дәстүріне құрмет көрсетіледі. Бұл өз кезегінде қоғамдағы тұрақтылықтың сақталуына және халықтың бір мақсатқа жұмылуына мүмкіндік береді.
Халықтар достығы – кез келген мемлекеттің тұрақты дамуы мен өркендеуінің басты кепілі. Әртүрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің өзара сыйластығы, татулығы мен ынтымақтастығы қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайтады. Қазақстан – көптеген этностар мен мәдениеттердің ортақ шаңырағына айналған көпұлтты мемлекет. Сондықтан халықтар арасындағы достық пен өзара түсіністік еліміздің басты құндылықтарының бірі болып саналады.

