Заңға құрмет – өзіңе құрметЗаңды сақтау – тек жауапкершіліктен қашу немесе жазаға ұшырамау емес, ең алдымен өз құқығың мен өзгенің құндылығын құрметтеу. Қоғамдағы әрбір адамның әрекеті ортақ тәртіпке әсер етеді. Біреудің құқығын таптамау, қоғамдық орында тәртіп сақтау, өз міндетіне адал болу – құқықтық мәдениеттің көрінісі. Заңға құрмет отбасынан басталып, білім беру мен қоғамдық ортада қалыптасады. Әр азамат заңды саналы түрде сақтағанда ғана қоғамда сенім мен тұрақтылық нығаяды.

