Құқықтық тәртіп бір күнде қалыптаспайды. Ол әр адамның күнделікті жауапкершілігінен басталады. Жол ережесін сақтау, қоғамдық орында тәртіп бұзбау, өзгенің мүлкіне қол сұқпау – заңға құрметтің қарапайым көріністері.
Заңды білу – қауіпсіз әрі жауапты қоғам құрудың маңызды шарты. Сондықтан құқықтық сауаттылықты арттыру әр азамат үшін маңызды міндет.

