Құқықтық мәдениет – азаматтың заңды білуі ғана емес, оны күнделікті өмірде сақтай білуі. Өз құқықтары мен міндеттерін жақсы білетін адам кез келген жағдайда заң аясында әрекет етуге ұмтылады.
Қоғамдық тәртіпті сақтау қарапайым нәрселерден басталады. Жол ережесін бұзбау, қоғамдық орындарда тыныштық сақтау, өзгенің мүлкіне қол сұқпау, айналадағы адамдарға құрметпен қарау – осының барлығы құқықтық мәдениеттің көрінісі.
Құқық бұзушылықтың алдын алуда түсіндіру жұмыстарының орны ерекше. Әсіресе жасөспірімдерге заң талаптарын түсіндіру, жауапкершіліктің мәнін ұғындыру маңызды.

