АЭС салудың тиімді тұстарымен қатар қауіп-қатерлері жайлы да түрлі пікірлер орын алуда. Дегенмен, елімізді энергия көздерімен толық қамту үшін бір ғана атом электр станциясын салу жеткіліксіз. Десе де, алдымен бір атом электр станциясы құрылысын сәтті аяқтаудың өзі – үлкен нәтиже болмақ. АЭС салынатын болса, еліміздің экономикасына салмақ түспесі анық. Бұл елімізді өзге елдерге кіріптарлықтан құтқаратыны анық. Атом электр станциясының экологияға да аса зияны жоқ, себебі, АЭС түтін бөліп, күл шығармайды. Осы тұрғыда атом электр станциясын салуға оң көзқарас танытып, тиімді саясатты қолдаған абзал.
Бижан Ақерке
Маңызды