Нашақорлықпен күресу — баршаға ортақ міндетНашақорлық — адамның санасын улап, ерік-жігерін жоятын және тұлға ретінде толықтай күйрететін ауыр созылмалы дерт. Бүгінгі таңда есірткі бизнесі заманауи технологияларды, интернет-дүкендер мен жасырын чаттарды қолдана отырып, ең алдымен жастар мен жасөспірімдерді арбауына түсіруде. Әсіресе, синтетикалық есірткілердің қолжетімділігі мен олардың адам ағзасына бірнеше есе тез әрі жойқын әсер етуі бұл мәселені ұлттық қауіпсіздік деңгейіне көтерді.Психикалық және физикалық апат

