Меншік құқығын қорғау — мемлекет тұрақтылығының негізіМемлекеттің экономикалық қуаты мен инвестициялық тартымдылығы тікелей жеке және заңды тұлғалардың меншік құқығының қаншалықты берік қорғалатынына байланысты. Қазақстанда заң үстемдігін қамтамасыз ету аясында азаматтардың мүлкін заңсыз иемденуге, бизнесті рейдерлік жолмен тартып алуға және меншік иелерінің құқықтарын шектеуге қарсы бағытталған заңнамалық тетіктер үнемі жетілдіріліп келеді.

