Заң – қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін негізгі қағидалардың бірі. Әр азамат өзіне жүктелген міндетті орындап, өзгенің құқығына құрметпен қарағанда ғана қоғамдық тәртіп нығая түседі.
Заң талаптарын сақтау тек жауапкершіліктен қорғану емес, қоғам алдындағы азаматтық міндетті сезіну. Күнделікті өмірдегі тәртіп, мәдениет және жауапкершілік – заң үстемдігін қалыптастыратын маңызды құндылықтар.

