Есірткі заттары ең алдымен адамның орталық жүйке жүйесі мен миын зақымдайды. Нашақорлыққа шалдыққан адамның есте сақтау, ойлау қабілеті жоғалады, психикасы бұзылып, галлюцинациялар пайда болады. Сонымен қатар бауыр, бүйрек, жүрек жұмысы уланып, иммунитет мүлдем құрдымға кетеді. Нашақорлардың өмірі өте қысқа болады және олар көбіне мөлшерден тыс қолданудан (передозировка) қайтыс болады.


