Жаңа Конституция — мемлекетіміздің демократиялық бағытта дамуын айқындайтын, адам құқығын басты орынға қоятын негізгі заң. Реформалар нәтижесінде билік тармақтары арасындағы теңгерім күшейіп, азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысу мүмкіндігі артты. Ата Заңның әрбір бабы елдегі тұрақтылықты, бейбітшілік пен әділдікті сақтауға бағытталған. Жаңа Конституция жағдайында заңның үстемдігі мен «Заң мен Тәртіп» қағидаты Әділетті Қазақстанды құрудың басты тетігі болып табылады.

