Отбасындағы озбылық пен қорлық — адам құқығын таптау және заңды белден басу. Қазіргі уақытта тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік заң жүзінде барынша қатаңдатылды. Әйелдер мен балалардың қауіпсіздігі — басты назарда. Қоғамда зорлық-зомбылықтоғы кез келген түріне «мүлдем төзбеушілік» мәдениеті орнығуы тиіс. Шаңырақтың шайқалуына, балалардың психологиялық соққы алуына себеп болатын бұл әрекеттер заң бойынша қатаң жазаланады. Қорқыныш пен үнсіздікті жеңіп, құқықты қорғау — салауатты қоғамның белгісі.

