Заң – тек құқық бұзған адамға жаза тағайындайтын ереже емес. Ол әр азаматтың құқығы мен мүддесін қорғауға бағытталған маңызды тетік. Адам өзінің еңбек ету, білім алу, медициналық көмек алу, жеке басының қауіпсіздігі мен мүлкін қорғау сияқты құқықтарын білген жағдайда, түрлі жағдайларда өз мүддесін сауатты қорғай алады.
Құқықтық сауаттылықтың төмен болуы кейде азаматтың өз құқығын талап ете алмауына әкеледі. Сондықтан заңды білу – құқық қорғау органдарының ғана емес, әр адамның күнделікті өміріне қажет білім. Құқығын білетін азамат міндетін де жақсы түсінеді.
Заңды құрметтеу – қоғамдағы тәртіп пен өзара жауапкершілікті қалыптастыратын маңызды құндылық.

