Домойhantengrigazeti.kz ақпаратИнтернет алаяқтық-сақтықты талап етеді

Интернет алаяқтық-сақтықты талап етеді

Цифрлық технологиялардың дамуы адамдардың өмірін жеңілдеткенімен, интернеттегі алаяқтық әрекеттердің де көбеюіне жол ашты. Алаяқтар банк қызметкері ретінде хабарласып, жалған сілтемелер жіберіп немесе әлеуметтік желілер арқылы сенімге кіріп, азаматтардың ақшасы мен жеке деректерін иемденуге тырысады.

Сондықтан әр адам интернетте барынша сақ болуы керек. Банк картасының нөмірі, құпия сөздер мен SMS арқылы келген кодтарды бөгде адамға айтуға болмайды. Күмәнді сілтемелерге өтпей, кез келген ақпаратты ресми дереккөздерден тексеру қажет. Қарапайым сақтықтың өзі үлкен шығынның алдын алады.

Предыдущая статья
Следующая статья

Жаңалықтар