Алкогольді шамадан тыс пайдалану адамның денсаулығына ғана емес, оның отбасына, жұмысына және қоғамдық ортаға да кері әсер етеді. Ішімдікке тәуелділік адамның ерік-жігерін әлсіретіп, отбасылық жанжалдарға, құқық бұзушылықтарға және басқа да келеңсіз жағдайларға себеп болуы мүмкін.
Бұл мәселенің алдын алу ең алдымен отбасындағы тәрбиеден басталады. Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, спортпен, өнермен және біліммен айналысуына жағдай жасау маңызды. Салауатты өмір салтын ұстану – алкогольге тәуелділіктен сақтанудың тиімді жолдарының бірі.

