Кейде адамдар заң талаптарын елемей, белгіленген ережелерді сақтауға мән бермейді. Алайда кез келген құқық бұзушылықтың қоғамға әсері бар. Бір адамның жауапсыз әрекеті өзге азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігіне зиян келтіруі мүмкін.
Сондықтан заң талаптарын сақтау күнделікті өмірден басталуы керек. Жол ережесін сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау, өзгенің мүлкіне қол сұқпау – заңды құрметтеудің қарапайым көріністері. Заңға жауапкершілікпен қарау – әр азаматтың міндеті.

