14.2 C
Нарынкол
Четверг, 19 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

ЖОЛ ЖАСАЛЫП ЖАТЫР

Республикалық маңызы бар «Кеген-Нарынқол» тас жолының 74-89 шақырым аралығына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Яғни, Нарынқол мен Текес ауылының арасындағы 15 шақырым жол жасалады. «ҚазАвтоЖол»ҰҚ» АҚ-ның тапсырысы бойынша жол жөндеу жұмыстарын «АБЗ КАРЬЕР ДРСУ» ЖШС жүргізуде.

Қазіргі таңда жол жөндеу жұмыстарына 35 адам, 31 техника жұмылдырылған. Атап айтқанда, 2 экскаватор, 1 автогрейдер, 1 асфальт төсеуші, 3 каток, 20 камаз, 2 су тасығыш, 1 гудранатор өз жұмыстарын атқаруда. Жолға төселетін асфальт Кеген ауданы, Қарқара ауылындағы РД 130 асфаль завотынан алынып жатыр.

Бұл жолдың жасалуын аудан халқы ұзақ уақыт күткені айтпаса да белгілі. Жол жөндеу жұмыстары басталғалы бері шұрық тесік жолдан әбден мезі болған жолаушылар мен көлік жүргізушілерінің көңілі көтеріліп қалғанын аңғаруға болады. Жұмыстар өз дәрежесінде және сапалы жүргізілсе биылғы жылдың қыркүйек айында жол аяқталып, толық қолданысқа берілетін болады.    

Дастан ҚАСЕНҰЛЫ

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Азық-түлік өнеркәсібі мамандары АЭС салудың маңызын талқылады

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб «АзияАгроФуд» АҚ жұмысшыларымен кездесті. Кездесудің басты мақсаты – Қазақстанның атом энергетикасын дамыту мәселесін талқылау...

Осыған ұқсас мақалалар