Домойhantengrigazeti.kz ақпаратИнтернет алаяқтық

Интернет алаяқтық


Қазіргі таңда интернет пен цифрлық технологиялар күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда онлайн мүмкіндіктермен қатар интернет алаяқтық қаупі де артып келеді. Алаяқтар өздерін банк қызметкері, мемлекеттік органның маманы немесе таныс адам ретінде таныстырып, азаматтардың жеке мәліметтері мен ақшасын иемденуге тырысады. Сондықтан бейтаныс адамдардың қоңырауы мен хабарламаларына сақтықпен қарау қажет.

Банк картасының нөмірі, құпия код, SMS арқылы келген растау коды мен жеке мәліметтерді бөгде адамдарға беруге болмайды. Күмәнді сілтемелерге өтпей, белгісіз қосымшаларды орнатудан бас тартқан дұрыс. Кез келген ақпаратты ресми дереккөз арқылы тексеру – алаяқтықтың алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі. Сақтық таныту арқылы өз қаражатыңыз бен жеке деректеріңізді қорғай аласыз.

Жаңалықтар