Домойhantengrigazeti.kz ақпаратТәртіп бар жерде – тұрақтылық бар

Тәртіп бар жерде – тұрақтылық бар

Қоғамдық тәртіп – елдегі тыныштықтың маңызды кепілі. Айналамыздағы адамдардың қауіпсіздігі әрқайсымыздың жауапкершілігімізге байланысты. Бір адамның заңды елемеуі кейде бірнеше адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан тәртіпті сақтау – қарапайым талап емес, азаматтық ұстаным.

Бұл бағытта отбасы мен мектептің тәрбиелік рөлі ерекше. Бала кезінен заңды сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге ізет, өзгенің құқығын бұзбау сияқты құндылықтар қалыптасуы қажет. Тәртіпті қоғам өздігінен пайда болмайды. Ол әр азаматтың күнделікті әрекетінен қалыптасады.

Жаңалықтар