Қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің басты негіздерінің бірі – заңға деген құрмет. Заң талаптарын сақтау тек құқық қорғау органдарының міндеті емес, әр азаматтың ортақ жауапкершілігі. Өз құқығын білетін, міндетін түсінетін және белгіленген тәртіпті сақтайтын азаматтар көбейген сайын қоғамдық орта да қауіпсіз әрі тұрақты бола түседі.
«Заң мен тәртіп» қағидаты ең алдымен күнделікті өмірден көрінуі тиіс. Жол ережесін сақтау, қоғамдық орында тәртіп бұзбау, өзгенің құқығына қол сұқпау, балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау – заңға құрметтің қарапайым мысалдары. Құқықтық мәдениет қалыптасқан қоғамда азамат пен мемлекет арасындағы сенім де нығаяды.

