Алматы облысы еліміздегі ауылшаруашылығы дамыған аймақтардың бірінен саналады. Өңірде ауылшаруашылық саласында дәнді дақылдар, көкөніс пен жеміс-жидек өсіру, мал шаруашылығының орны ерекше. Бұл салада өндірілетін өнім көлемі де қомақты. Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергеновпен өңірдегі ауылшаруашылығының жай-күйі мен келешегі туралы аз-кем сұхбаттастық.
– Нұржан Кеңесұлы, 2024 жылға арналған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемінің көрсеткіштері, 2025 жылға қандай өсу болжамы бар, сол туралы айтып берсеңіз?
– 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ауыл шаруашылығында өндірілген өнімнің жалпы көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда азайып, 674,9 млрд. теңгені және нақты көлем индексі 100,2% құрады. 2023 жылы өндірілген өнімнің жалпы көлемі 814,5 млрд. теңгені құраған еді. 2025 жылы бұл көрсеткішті 743,6 млрд. теңгеге (нақты көлем индексін 102,2%) жеткізу жоспарда бар.
2024 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 419,5 мың гектарды құрап, 2023 жылғы деңгейден азайып кетіп еді. 2023 жылы облыстағы егіс алқабы 457,4 мың га болған. 2025 жылы оны қайта көбейтіп, 431,3 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр.
Барлық егін жинау жұмыстары ақталып, облыс бойынша 169,2 мың гектардан 612,2 мың тонна дәнді дақыл, 23,7 мың гектардан 42,2 мың тонна майлы дақыл, 10,4 мың гектардан 247,7 мың тонна картоп, 17,3 мың гектардан 492,7 мың тонна көкөніс-бақша дақылдары жиналды.
Астыққа егілген жүгері алқабы 50,4 мың гектарды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,3 мың гектарға аз (2023 ж. – 54,7 мың га). Жалпы 357,1 мың тонна жиналды.
Өндірілген өнімді сақтайтын жалпы көлемі 131,3 мың тонна болатын 80 жеміс-көкөніс және картоп қоймасы бар. Оның ішінде 30 жеміс қоймасы – 47,8 мың тонна, 29 көкөніс қоймасы –
57,1 мың тонна, 21 картоп қоймасы – 26,4 мың тонна өнім сақтауға арналған.
Бүгінгі күні сақтауға 68,6 мың тонна жеміс-көкөніс, картоп өнімдері салынды. Оның ішінде: көкөніс – 13,1 мың тонна (23,9%), жемістер – 43,0 мың тонна (89,9%), картоп – 17,4 мың тонна (66,1%).
2025 жылы облыста жалпы құны 10,1 млрд. теңге болатын өндірістік қуаты 34,8 мың тоннаға 6 жеміс-көкөніс және картоп қоймасын салу (кеңейту) жоспарланған. Оның ішінде өндірістік қуаты 22,8 тонна 3 жеміс қоймасы, өндірістік қуаты 12,0 мың тонна 3 көкөніс қоймасы бар.
Жалпы ауданы 84,9 гектар болатын 55 жылыжай шаруашылығы жұмыс істейді. Оның ішінде өнеркәсіптік – 52,5 гектар алаңда 20, фермерлік – 13,2 гектар алаңда 20, халық шаруашылықтары (жылыжайлар) – 18,1 гектар алаңда 15 жылыжай бар. Жылыжай шаруашылықтарын дамыту облыс пен Алматы қаласының тұрғындарын маусымаралық кезеңде жаңа көкөністермен қамтамасыз етуге бағытталған.
2024 жылы облыс бойынша күзгі-дала жұмыстарын жүргізу үшін 5,5 мың тонна дизель отыны мақұлданып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 3,2 мың тонна дизель отыны жөнелтілді.
Ағымдағы жылғы көктемгі дала жұмыстарына 283 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен 5,2 мың тонна дизель отынына, ал күзгі дала жұмыстарына 202 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен 1,4 мың тонна дизель отынына өтінім түсті.
2024 жылы 5,6 млрд. теңгеге 437 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды (жоспар 588 бірлік). Белгіленген жоспарға сәйкес, ауыл шаруашылығы паркін
5,5% көлемінде жаңартылуы тиіс болған, алайда 12 айдың қорытындысына сәйкес ауыл шаруашылығы паркін жаңарту 4,1% құрады.
– Мал шаруашылығы саласындағы өсім туралы айтқанда, 2024 жылы ірі қара мал мен ұсақ мал саны айтарлықтай артқанын байқаймыз. Бұл өсімге қандай факторлар әсер етті және 2025 жылы қандай мақсаттар қойылуда?
Мал шаруашылығында 2024 жылдың 12 айлық қорытындысы бойынша ірі қара мал саны – 576,2 мың басты құрады (2023 жылы 489,8 мың бас).
Ұсақ мал саны – 2,3 млн. бас (2023 жыл 1,9 млн. бас). Жылқы – 230,4 мың басты құрап (2023 жыл 168,9 мың бас), құс – 9,6 млн. басты құрады (2023 жыл 9,4 млн. бас).
Ет өндірісі 276,1 мың тоннаны құрап, 8,8% ұлғайды (2023 жылы 253,8 мың тонна). Сүт өндірісі 289,6 мың тоннаны құрайды (2023 жылы 263,8 мың тонна).
Тауық жұмыртқасының өндірісі 535,6 млн. дананы құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,2% өсті (2023 жылы 499,6 млн. дана).
2025 жылы ірі қара малды 596,8 мың басқа, ұсақ малды 2,6 млн. басқа, жылқы 241,9 мың басқа, құстарды 10,1 млн. басқа жеткізу жоспарлануда.
Сондай-ақ, ет өндірісін 281,6 мың тоннаға, сүт өндірісін 309,2 мың тоннаға, тауық жұмыртқасын 562,4 млн. данаға жеткізу жоспарлануда.
– Облыстағы суармалы жерлерді пайдалану тиімділігі қандай деңгейде?
Алматы облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы суармалы жерлердің ауданы 270,5 мың га құрайды, оның ішінде суармалы егістік 246,2 мың га.
Облыста 310 гидротехникалық құрылыс бар (оның ішінде 72 су қоймасы, 112 тоған, 13 бөген және бөгет, 14 су тораптары, 99 магистральдық каналдар).
Суару желілері мен гидротехникалық құрылыстардың қайта жаңғыртусыз ұзақ уақыт пайдаланылуына және тасымалдау кезінде су шығынының ұлғаюына байланысты суармалы жерлер толық игерілмейді.
Бұл мәселені шешу үшін әкімдік 2022 жылдан бастап 8 ауданда және Қонаев қаласында айналымнан шығып қалған 46,1 мың га суармалы жерлерді қалпына келтіруге мүмкіндік беретін суару желілерін қайта жаңғырту бойынша шаралар жүргізілуде.
2024 жылы облыс бойынша су үнемдеу технологиялары енгізілген аумақ 43,6 мың гектарды құрады (102,5%). 2025 жылы су үнемдеу технологияларын енгізу көлемін 93,6 мың гектарға жеткізу жоспарлануда.
– «Ауыл аманты» бағдарламасы бойынша бөлінген қаржылар мен микрокредиттердің әсері туралы айтып берсеңіз. 2025 жылы осы бағдарлама аясында қандай жаңашылдықтар жоспарлануда?
2024 жылы 7,1 млрд. теңге сомасына 10 инвестициялық жоба іске қосылды.
Бұдан басқа, АӨК саласындағы инвестициялық жобалардың 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасы өзектендірілді және жалпы сомасы 317,2 млрд. теңгеге 36 жобадан тұратын пул жиналды.
Биыл 33,3 млрд. теңге қаржыға 17 жобаны іске асыру жоспарланған.
Оның ішінде 16,7 млрд. теңгеге СҚО тәжірибесі бойынша 11 жоба (тауарлы сүт фермасын салу және кеңейту) қарастырылған.
2024 жылы Алматы облысы бойынша ауыл халқының табысын арттыруға арналған «Ауыл амнаты» бағдарламасына 17,6 млрд. теңге қарастырылған (Республикалық бюджетті оңтайландыруға байланысты Алматы облысы бойынша 2,5 млрд. теңге қаражат).
Бағдарлама бойынша аудандардан 12,1 млрд. теңге сомасына 1215 өтінім түсті. Бүгінгі таңда республикалық бюджеттен 2,5 млрд. теңге түсіп, оның ішінде 1,3 млрд. теңгеге
137 микрокредит берілді.
2025 жылға «Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша 2,5 млрд. теңге қарастырылып, 403 жаңа жұмыс орнын құрумен 370 шағын несие беру жоспарлануда.
2024 жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 28,3 млрд. теңгеге бөлінді және төленді. 2025 жылға агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға 27,7 млрд. теңге бөлінді.
Облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.
– Сұхбатыңызға рахмет!
Өз тілшіміз