19.7 C
Нарынкол
Пятница, 20 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

Райымбек аудандық мәслихатының хатшысы Самат Мүсірбаевтың «Республика күні» мерекесімен құттықтауы

 Құрметті аудан тұрғындары!  Қадірменді жерлестер!

Сіздерді 25 қазан  —  Республика күнімен құттықтаймын! Еліміздің мәртебесі биіктеп, әлемге шарықтай беруіне деген ыстық ықыласымды жеткіземін. Еліміздің дәулеті, жеріміздің сәулеті жолындағы игілікті істеріңіз табысты болсын!

Сіздерді Ұлттық мерекемізбен құттықтай отырып, береке-бірлігімізді  сақтау, елімізді, өңірімізді өркендету жолында аянбай еңбек етейік дегім келеді.

Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға ырыс-несібе, амандық, халқымызға береке-бірлік, елімізге тыныштық тілеймін. Елдігіміздің тұғыры нық, ғұмыры мәңгі болсын!

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Азық-түлік өнеркәсібі мамандары АЭС салудың маңызын талқылады

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб «АзияАгроФуд» АҚ жұмысшыларымен кездесті. Кездесудің басты мақсаты – Қазақстанның атом энергетикасын дамыту мәселесін талқылау...

Осыған ұқсас мақалалар