ДомойЖаңалықтар | НовостиСарыжаз ауылындағы №774 сайлау учаскесінде елге еңбегі сіңген азамат, «Ленин» және «Еңбек...

Сарыжаз ауылындағы №774 сайлау учаскесінде елге еңбегі сіңген азамат, «Ленин» және «Еңбек Қызыл Ту» ордендерінің иегері Ж. Толыбаев Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады

Еңбек жолында талай белесті бағындырып, ауылдың дамуына өзіндік үлесін қосқан ардагер азамат үшін ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан тыс қалмау – азаматтық ұстанымның көрінісі.Ж. Толыбаев сайлау учаскесіне келіп, өз дауысын беріп, елдің ертеңіне қатысты таңдауын білдірді.«Елдің жақсы күнін де, қиын кезеңдерін де көрдік. Бүгінгі ұрпақтың бейбіт өмір сүріп, білім алып, еңбек етуіне мүмкіндік бар. Еліміздің болашағы әрқайсымызға байланысты. Сондықтан сайлауға қатысып, өз таңдауымды жасауды азаматтық міндетім деп білемін», – деді Ж. Толыбаев.Ел тарихындағы еңбек жолы мен азаматтық ұстанымы кейінгі буынға үлгі болып отырған ардагердің таңдауы – еңбекке адалдық пен елге деген жауапкершіліктің сабақтастығын көрсетеді.Өз таңдауын жасаған еңбек ардагері ел болашағына деген сенімін білдірді.

Жаңалықтар