Домойhantengrigazeti.kz ақпаратЕл ағасы Бірбаев Бекболат Құрылтай сайлауында дауыс берді

Ел ағасы Бірбаев Бекболат Құрылтай сайлауында дауыс берді

23 тамыз 2026 жыл Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы, №763 сайлау учаскесі Райымбек ауданында Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы ұйымдасқан түрде өтіп жатыр. Аудан тұрғындары сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасауда.Сайлауға қатысқандардың қатарында аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасының «Құрметті жаттықтырушысы», Алматы облысының және Райымбек ауданының «Құрметті азаматы» Бірбаев Бекболатта бар.Елдің қоғамдық және спорттық өміріне ұзақ жылдар бойы белсене араласқан ел ағасы №763 сайлау учаскесіне келіп, өз дауысын берді.Б. Бірбаевтың айтуынша, ел болашағына қатысты маңызды мәселелерде әр азаматтың азаматтық ұстанымын білдіруі – үлкен жауапкершілік.«Сайлау – азаматтың өз таңдауын жасап, елдің ертеңіне деген көзқарасын білдіретін маңызды сәт. Жастарымыздың ел өміріне белсенді араласып, өз болашағына жауапкершілікпен қарауы маңызды», – деді Б. Бірбаев.Өмір жолын ел спорты мен қоғамдық қызметке арнаған ардагердің сайлауға қатысуы – азаматтық белсенділіктің жақсы үлгісі. Оның елге сіңірген еңбегі мен қоғамдық ұстанымы кейінгі буынға өнеге болып келеді.Райымбек ауданында сайлау учаскелерінде дауыс беру процесі жалғасуда. Тұрғындар өз таңдауын жасап, елдің болашағына қатысты азаматтық позициясын білдіруде.

Жаңалықтар