Домойhantengrigazeti.kz ақпаратЖас чемпион Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады

Жас чемпион Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады

23 тамыз 2026 жыл Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы, №763 сайлау учаскесі Райымбек ауданында Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына азаматтардың белсенді қатысуы жалғасуда.Сайлауға қатысып, өз таңдауын жасағандардың қатарында бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, жас спортшы Қасымхан Толғанай Болатқызы да бар.Жас чемпион №763 сайлау учаскесінде дауыс беріп, ел болашағына қатысты өз азаматтық ұстанымын білдірді.Халықаралық жарыстарда Қазақстанның көк туын көкке көтеріп, ел намысын абыроймен қорғап жүрген Толғанай үшін бұл күннің маңызы ерекше. Оның айтуынша, елдің болашағына қатысты маңызды мәселелерде әр азаматтың өз пікірін білдіруі – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.«Құрылтайда дауыс беру – ел болашағына қатысты өз пікіріңді білдірудің маңызды мүмкіндігі. Әр азамат өз таңдауына жауапкершілікпен қарап, еліміздің дамуына үлес қосуы керек деп есептеймін», – деді Касымхан Толғанай Болатовна.Жас спортшының сайлауға қатысуы – өскелең ұрпақтың ел өміріне бейжай қарамайтынын көрсететін маңызды мысал. Спортта биік белестерді бағындырып жүрген Толғанайдың азаматтық белсенділігі де жастарға үлгі болары сөзсіз.Ел намысын халықаралық аренада қорғап жүрген жас чемпионға алдағы жарыстарда сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!

Жаңалықтар