ДомойЖаңалықтар | НовостиАрдагер ұстаздың ақ батасы

Ардагер ұстаздың ақ батасы

Райымбек ауданының «Құрметті азаматы», Ыбырай Алтынсарин атындағы медальдің иегері, аудандық аналар кеңесінің төрайымы, ардагер ұстаз, Балжан Омарова Құрылтайда дауыс беріп, ел өміріне қатысы маңызды қоғамдық бастамаға өз таңдауын жасады.Өмірінің елеулі бөлігін білім беру саласына арнаған ардагер ұстаз үшін ел болашағы мен өскелең ұрпақтың келешегі қашанда басты құндылықтардың бірі. Бүгінде аудандық аналар кеңесін басқара отырып, ол отбасы құндылықтарын дәріптеу, ұрпақ тәрбиесі, қоғамдық келісім мен азаматтық жауапкершілікті арттыру бағытында белсенді қызмет атқарып келеді.Құрылтайдағы дауыс беру барысында Балжан Омарова өзінің азаматтық ұстанымын білдіріп, елдің қоғамдық өміріне әр азаматтың белсенді қатысуы маңызды екенін атап өтіп, сайлауға алғаш келіп отырған жастарға «Өмірлік жолдары ақ болсын!» деген ақ батасын берді.

Жаңалықтар