Домойhantengrigazeti.kz ақпаратИнтернет алаяқтық: бір сәттік сенімнің соңы өкініш болмауы тиіс

Интернет алаяқтық: бір сәттік сенімнің соңы өкініш болмауы тиіс

Интернеттегі алаяқтар адамның психологиясын жақсы пайдаланады. Олар асықтыру, қорқыту немесе үлкен пайда уәде ету арқылы азаматты тез шешім қабылдауға итермелейді. «Шотыңыз бұғатталды», «жүлде ұтып алдыңыз» немесе «пайдалы инвестициялық мүмкіндік бар» деген хабарламаларға бірден сену қауіпті.

Ақпараттық қауіпсіздік үшін ең алдымен асығыс әрекеттен бас тарту қажет. Бейтаныс адамның нұсқауымен қосымша орнату, қашықтан басқаруға мүмкіндік беру немесе құпия деректерді айтуға болмайды. Күмән туындаған жағдайда әңгімені тоқтатып, ақпаратты ресми арнадан қайта тексерген дұрыс.

Жаңалықтар