Интернеттегі алаяқтық азаматтардың қаржылық және жеке қауіпсіздігіне қатер төндіретін мәселелердің бірі. Алаяқтар адамдардың сеніміне кіріп, түрлі сылтаумен банк картасының деректерін, құпия кодтарды немесе жеке ақпаратты алуға әрекет жасайды. Кей жағдайда жалған сайттар мен әлеуметтік желідегі парақшалар да осы мақсатта пайдаланылады.
Сондықтан интернетте кез келген ұсынысқа бірден сеніп, ақша аударуға немесе жеке мәлімет беруге болмайды. Ақпараттың рас-өтірігін ресми дереккөздер арқылы тексеріп, белгісіз адамдар жіберген сілтемелерді ашпау қажет. Қырағылық таныту – алаяқтықтың алдын алудың ең қарапайым жолы.

