ДомойЖаңалықтар | НовостиТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА ҚОРШАҒАН ОРТА, ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА ҚОРШАҒАН ОРТА, ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, аумақтарды абаттандыру және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жалпыұлттық бастама. Бұл бастама табиғатты аялау мен туған жерге жанашырлық танытуды әр азаматтың ортақ міндеті ретінде қалыптастыруға ықпал етеді.

Бастама аясында еліміздің барлық өңірлерінде тазалық жұмыстары, сенбіліктер, көгалдандыру және абаттандыру шаралары жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді. Аталған жұмыстардың басты мақсаты – елді мекендердің көркін арттырып қана қоймай, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру.

Тазалық – бір күндік науқан емес, күнделікті өмір салтына айналуы тиіс маңызды құндылық. Қоқысты белгіленген орындарға тастау, қоғамдық орындарды таза ұстау, жасыл желекті қорғау және табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану – қоршаған ортаны сақтауға қосылатын қарапайым, бірақ маңызды үлес.

«Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы жұмыстарға тұрғындармен қатар кәсіпкерлер, жастар, еріктілер, еңбек ұжымдары мен қоғамдық ұйымдар да белсенді қатысуда. Бірлескен еңбек арқылы аулалар, көшелер, саябақтар мен қоғамдық аумақтар тазартылып, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Таза орта – дені сау қоғамның, көрікті елді мекен – жарқын болашақтың негізі. Сондықтан тазалыққа бірге атсалысып, туған жерімізді бірге көркейтейік!

Жаңалықтар