Интернеттің мүмкіндігі артқан сайын онлайн алаяқтықтың түрлері де көбейіп келеді. Белгісіз адамдардың қоңырауы немесе күмәнді сілтемелер арқылы жеке мәліметтерді сұраған жағдайда сақ болған жөн. Банк картасының нөмірін, құпия сөзді және SMS арқылы келген кодтарды бөгде адамға беруге болмайды. Ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеру қажет.

