Құқық бұзушылықтың алдын алу – қылмыспен күресудің маңызды бағыттарының бірі. Оның басты мақсаты – заң бұзушылық орын алғаннан кейін әрекет ету ғана емес, оның алдын алу.
Бұл бағытта отбасы, білім беру ұйымдары, құқық қорғау органдары және қоғам бірлесе жұмыс істеуі қажет. Әсіресе жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оларға құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды. Әр азамат заңды сақтап, қоғам тыныштығына үлес қосса, қауіпсіз әрі тәртіпті орта қалыптасады.

