Ішімдікке тәуелділік адамның денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, отбасындағы берекенің бұзылуына, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, жол-көлік оқиғаларының және құқық бұзушылықтардың көбеюіне себеп болуы мүмкін. Сондықтан салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды зиянды әдеттерден сақтандыру және әр адамның өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы – қоғамның ортақ міндеті.

