«AMANAT» партиясы Райымбек аудандық филиалының төрағасы Г.Р.Арипова бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг өткізіп, 2024 жылы «Халықпен бірге!» Алматы облысы бойынша сайлауалды бағдаламасын іске асыру Жол картасының Райымбек ауданында жүзеге асырылуы туралы есеп берді. 2024 жылғы сайлауалды бағдарламаның Жол картасында Райымбек ауданына қатысты 27 іс-шара жоспарланды. Іс-шаралар аудан экономикасының барлық салаларын қамтыды. Негізгі басымдық ауылшаруашылығы, білім мен медицина, жол, ауыз су, туризм, кәсіпкерлік, халық үшін қауіпсіз орта, «AMANAT» партиясның «Ауыл Аманаты», «Жер Аманаты», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобаларына берілді. Жоспарланған іс-шаралардың сапалық деңгейде оындалып, жүзеге асуы партия тарапынан қадағаланды. Нәтижесінде төмендегідей іс-шаралар жүзеге асып, халық игілігіне қызмет етуде. 2024 жылы ауданда Жол картасы бойынша Көмірші ауылында дәрігерлік пункт, Жамбыл ауылында мәдениет үйі, Сарыбастау ауылында спорттық кешен, Қарасаз ауылында өнер мектебі, Нарынқолда ауылында өрт сөндіру бекеті мен жастар ресурстық орталығы, Жамбыл ауылында «Шоғансай – Алишер» туристік орталығы бой көтеріп, қолданысқа берілсе, Нарынқол ауылында 250 адам қабылдайтын емхана, Тегістік ауылында ауылдық медициналық пункт, Нарынқол ауылында ветеринарлық станция ғиимараттары салынуда.
«Халықпен бірге!» Алматы облысы бойынша сайлауалды бағдаламасын іске асыру Жол картасының Райымбек ауданында орындалуы:



«Көмірші» ФАП «Жамбыл» мәдениет үйі «Қарасаз» өнер мектебі



«Ұзақ» ФОК Өрт сөндіру бекеті Жастар ресурыстық орталығы



«Шоғансай — Әлішер» Емхана «Тегістік» ФАП
Райымбек ауданына қарасты 11 ауылдық округ пен 20 елді мекен бар. Олармен байланыс республикалық және облыстық маңызы бар жолдар арқылы жүзеге асады. Сайлаушылардың талап – тілектерін орындау мақсатында Жол картада республикалық маңызы бар Нарынқол – Кеген автожолының 1-89 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қолға алынып, бүгінгі таңда 1-15 шақырым аралығы күрделі жөндеуден өтсе, қалған 74 шақырымын жөндеуден өткізуге 9 млрд.теңге қаражат бөлініп, 2025 жылдың көктемінен жұмысты бастау жоспарланып отыр. Облыстық маңызы бар 35 шақырымдық Нарынқол – Сүмбе жолының 12 шақырымы, жасалуы тиіс 28 шақырым ауылішілік жолдың 24,5 шақырымы жасалып пайдалануға берілді. Жол ауданның күре тамыры. Бұл бағыттағы жұмыстар әлә де болса жалғасын тауып, жүзеге асырылып, халық сапалы жолдардың игілігін көреді деп ойлаймын.


Республикалық маңызы бар Нарынқол — Кеген аралығындағы 15 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстары.


Облыстық маңызы бар Нарынқол – Сүмбе аралығындағы 12 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстары.




Сарыжаз, Қарасаз, Шәлкөде елді мекндеріндегі ауылішілік жолдар.
Су – тіршлік көзі. Ал таза ауыз су денсаулық кепілі. Сайлауалды бағдарламаны орындаудың Жол картасы негізінде жасалған Қаратоған, Тегістік, Көкбел, Тұзкөл ауылдарындағы орталықтандырылған су жүйесін жаңғырту жұмыстарының аяқталуы Райымбек ауданында орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етуді 100 % межеге жеткізді.


Аудан экономикасының негізгі саласы ауылшаруашылық. Бұл орайда «Ауыл Аманаты» жобасы аясында 93 адам 521,5 млн.теңге несие алып ауылшаруашылығы өнімдерін, атап айтқанда ет,сүт, балық өндіру, құс өсіру жобаларын іске асырып жаңа жұмыс орындарын ашуда. Ауылшаруашылық техникаларын лизинге сатып алу да фермерларға жаңа мүмкіндіктер ашты. Осы жоба аясында 2024 жылы аудан фермерлері 87 бірлік техника сатып алу мүмкіндігіне ие болып, аудандағы ауыл шаруашылық жерлерді игеріп, дәнді – дақыл қорын ұлғайтуға мүмкіндік алды. Білім мен медицина саласын жетілдіру мақсатында Жол картада біраз шаралар қарастырылған. Олардың қатарында мектептерді заманауи талаптарға сәйкес жаңғырту, арнайы биолгия, физика, химия, STEM кабинеттермен жабдықтау, денсаулық мекемелерін алғашқы медициналық-санитарлық құрал жабдықтармен қамту, жаңа денсаулық нысандарын салу жұмыстары жүргізілуде. Аудандағы білім беретін 20 орта мектептің 1-еуі ғана күрделі жөндеуді талап етеді. Басқа білім ошақтарының барлығы соңғы он жылда күрделі жөндеуден толығымен өтті. Қазіргі кезде мектептердің материалдық — техникалық базасын күшейту бағытында жұмыстар атқарылуда. Медицина саласында Нарынқол, Қайнар, Сүмбе ауылдық ауруханалары мен Шәлкөде фельдшерлік – акушерлік пункті күрделі жөндеуді талап етеді. Қазіргі кезде бұл ден-саулық нысандарының жобалық –сметалық құжаттары дайындалып, эксретизадан өткізіліп күрделі жөндеуге қатысты бюджеттік өтінім берілуде. Жалпы алғанда Райымбек ауданы бойынша «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының Жол картасын жүзеге асыру аудан үшін негізгі міндет болып табылады. Бұл бағытта қыруар жұмыстар атқарылуда. Оған «AMANAT» партиясынан сайланған депутаттар, аудан әкімдігі, аудандағы мекемелер күш салып, жұмыла жұмыс жасауда. Сайлау науханында берілген сайлаушылар алдындағы уәделерімізді өз деңгейінде орындап, аудан экономикасын дамытуға өз үлесімізді қосудамыз.