Алкогольді шамадан тыс пайдалану адамның денсаулығын әлсіретіп қана қоймай, отбасы берекесінің бұзылуына, тұрмыстық жанжалдар мен құқықбұзушылықтарға себеп болуы мүмкін.
Алкоголизмнің алдын алу үшін салауатты өмір салтын ұстану, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және зиянды әдеттердің салдары туралы ақпараттандыру қажет.
Денсаулық – ең үлкен байлық. Оны сақтау әр адамның өз қолында.

