Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жол қозғалысы ережелерін сақтамаудан орын алады. Жүргізушілердің жылдамдықты асыруы, жаяу жүргіншілердің белгіленбеген жерден өтуі адам өміріне қауіп төндіреді.
Әрбір жол қозғалысына қатысушы жол ережесін қатаң сақтауы қажет. Қауіпсіздік белдігін тағу, жаяу жүргіншілер өткелін пайдалану және көлік жүргізу кезінде телефонға алаңдамау – қайғылы жағдайлардың алдын алатын қарапайым, бірақ маңызды әрекеттер.

