Қазақстанда білім беру сапасын арттыру мақсатында жаңа үлгідегі заманауи мектептер салу жұмыстары жалғасуда. «Келешек мектептері» жобасы оқушыларға қолайлы орта қалыптастырып, білім алуға қажетті барлық жағдайды қамтамасыз етуге бағытталған.
Жаңа білім ошақтары заманауи кабинеттермен, зертханалармен және цифрлық құралдармен жабдықталады. Бұл өз кезегінде ауыл мен қала мектептері арасындағы білім беру сапасының айырмашылығын азайтып, оқушылардың жан-жақты дамуына мүмкіндік береді.

