Нашақорлық – адамның денсаулығына ғана емес, қоғамның қауіпсіздігіне де үлкен қауіп төндіретін кесел. Есірткіге тәуелділік адамның өмір сапасын төмендетіп, қылмыс пен құқық бұзушылықтың көбеюіне себеп болады. Сондықтан әрбір азамат зиянды әдеттен аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануы тиіс. Жастарды спортқа, білімге және пайдалы іске баулу – нашақорлықтың алдын алудың ең тиімді жолы.

