Халықтың ынтымағы мен татулығы – мемлекеттің ең үлкен күші. Бірлігі бекем ел кез келген қиындықты еңсеріп, дамудың даңғыл жолымен алға басады. Бірлік бар жерде – береке, татулық бар жерде – тұрақтылық орнайды. Түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің өзара сыйластығы мен достығы еліміздің басты құндылықтарының бірі. Әр азамат ел бірлігін нығайтуға өз үлесін қосқанда ғана Қазақстанның болашағы жарқын, келешегі кемел болмақ.

