8.3 C
Нарынкол
Четверг, 19 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен Алматы облысы аумағында өткізілетін іс-шаралар туралы

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

Алматы облысы                                                                        

22-26 шілде 2024 жыл

Қазақстан Руспубликасы  мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 22-26 шілде күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы облысына іс-сапар жасады.

Аталған іс-сапардың мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады.

Аталған бағытта жалпы саны 22 іс-шара ұйымдастырылып, 700-ден астам адам қамтылды.

Аталған іс-шараға: Әділбаев Алау Шайқымұлы – «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің профессоры, аға оқытушы, Шағырбай Алмасбек Дүйсенбекұлы – ҚР ҒжЖБМ Ғылым комитетінің философия, саясаттану және дінтану орталығының директоры, PhD докторы, Cүлейменов Жандаулет Отарбайұлы – Теология ғ.магистрі, сарапшы, Стамбакиев Нұржан Жақсылықұлы – PhD доктор, «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, исламтанушы, Қаңтарбаева Жанна Орынбасарқызы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы, философия ғ.к., Түсіпхан Имаммәди – Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушы, PhD доктор секілді дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.

Түсіндіру тобының мүшелері Талғар, Есік, Қаскелен қалаларында, сондай-ақ Қарасай, Талғар, Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр аудандарында болды. Олар халық арасында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары», «Дәстүрлі құндылықтардың маңыздылығы», «Жастарды тәрбиелеудегі дін мен дәстүрдің рөлі», «Діни тұрақтылық-қоғамдық қауіпсіздіктің кепілі»  және т. б. тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында түзету мекемесінде жазасын өтеушілер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыз жастарды, ауыл тұрғындарын, мешіт жамағаты және т.б. топтар қамтылды.

Анықтама үшін: +7 775 477 76 16 Исмаил Нурислам

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Халықтық штаб: Талғар ауданының тұрғындары АЭС салу жобасына қолдау көрсетті

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб Талғар ауданының тұрғындарымен кездесті. Шара барысында атом энергетикасының еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі...

Осыған ұқсас мақалалар