Домойhantengrigazeti.kz ақпаратЗАҢ МЕН ТӘРТІП: Іле ауданында балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу бойынша...

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: Іле ауданында балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді

Алматы облысы Іле ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар өткізді.Іс-шара барысында мамандар көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен кездесіп, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау, терезе маңына жиһаз қоймау, масаға қарсы торларға сүйенудің қауіптілігі және арнайы терезе бекіткіштерін пайдаланудың маңыздылығы жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.Практикалық жұмыстар аясында тұрғын үйлерге арнайы терезе бекіткіштері орнатылып, тұрғындарға қауіпсіздік ережелері қамтылған бейнероликтер мен ақпараттық материалдарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін QR-кодтар таратылды.Мамандардың айтуынша, мұндай профилактикалық шаралар балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған. Осыған байланысты ата-аналар мен заңды өкілдерді қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және балаларды үнемі бақылауда ұстауға шақырады.Балалардың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Жаңалықтар