Нашақорлық – адам ағзасын есірткі заттарына тәуелді ететін, денсаулыққа да, әлеуметтік өмірге де ауыр зиян келтіретін қауіпті құбылыс. Бұл тек жеке адамның мәселесі емес, бүкіл қоғамның қауіпсіздігі мен болашағына тікелей әсер ететін күрделі дерт.Есірткі заттарын қолдану адамның жүйке жүйесін бұзып, ойлау қабілетін әлсіретеді. Уақыт өте келе адамда тәуелділік қалыптасып, ол есірткісіз өмір сүре алмайтын жағдайға жетеді. Бұл өз кезегінде денсаулықтың нашарлауына, түрлі психикалық ауытқуларға және ерте өлімге әкелуі мүмкін.

