«Құрметті Алматы облысы Райымбек ауданының тұрғындары, сондай-ақ келушілер мен туристтер, аудан аумағының Қытай Халық Республикасы және Қырғызстан Республикасымен шекаралас орналасуына байланыстыаталған аумақта шекаралық тәртіптің қатаң сақталуын сұраймыз. Жоғарыда аталған аумақта мемлекеттік шекараны күзету мен қорғаудыҚазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің Алматы облысы бойыншадепартаментінің Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының әскериқызметкерлері жүзеге асырады.Сонымен қатар, жаяу жүру маршруттарына шығу кезінде өзіңізбен біргежеке басыңызды куәландыратын құжаттарды ұмытпаңыз (ҚР ӘкімшілікКодексінің 510-бабы)Шекара аймағындағы шекаралық режимді және жекелеген учаскілердеболу тәртібін бұзу:1. Шекаралық аймаққа кіру (өту ), уақытша болу немесе шекаралықаймақта орын ауыстыру кезінде шекара режимін бұзу:1) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ ҚазақстанРеспубликасының азаматтары; |2) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басынкуәландыратын құжаттары немесе Ішкі істер органдары бергенжолдаманың болмауы – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндеайыппұл салуға әкеп соғады;Мемлекеттік шекараны бұзу қылмыстық жауаптылыққа тартылады ( Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, 392 бап-ҚР-ң мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту).1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінен тысқары жерден қасақана заңсыз кесіп өту, сол сияқты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының көрсетілген пункттерінен жалған құжаттар арқылы немесе үшінші тұлғалардың жарамды құжаттарын алдап пайдалана отырып, сол сияқты белгіленген тәртіпті бұза отырып қасақана кесіп өту – шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды ҚР-ң шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жібере отырып, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не бір жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы реттік нөмірі, ҚР-ң елтаңбасы бар сары-көк түсті шекара белгілерімен белгіленгенін естеріңізге саламыз.Қырғызстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы реттік нөмірі,мемлекеттік елтаңбасы бар қызыл түсті шекара белгілерімен көрсетілген.Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік шекарасы реттік нөмірі қызыл түсті бояумен қажалып жазылған мраморлы шекара белгілерімен көрсетілген».

