

«Əділет» партиясының төрағасы Айбек Дəдебай Іскерлік кеңесқұрылғанын көлік-логистика саласының өкілдерімен өткен кездесудемəлімдеді. Іс-шараға орталық мемлекеттік органдардың, ірікомпаниялар мен салалық бірлестіктердің басшылары қатысты.Кездесуде Мемлекет басшысы еліміздің экономикалық өсімініңнегізгі бағыттарының бірі ретінде айқындаған көлік-логистика саласындамыту мəселелері қаралды.Айбек Дəдебайдың айтуынша, қуатты бизнес пен мемлекет,кəсіпкерлер жəне сарапшылар қоғамдастығы ұдайы өзара ықпалдасыпотырмайынша, экономика тұрақты дамымайды. Сондықтан «Əділет»партиясының Іскерлік кеңесі диалог құруға жəне ортақ шешімдерəзірлеуге арналған тұрақты алаңға айналады.«Біз үшін бизнес – тұтас экономиканың қозғаушы күші.Кəсіпкерлер тəуекелге барып, жаңа іс бастайды, өндіріс ашады,елді алға бастайды. Əрбір кəсіпорын – бұл жаңа жұмыс орындары,отбасылардың табысы, бюджетке түсетін салық деген сөз. Алсол салықтың есебінен мектеп те, аурухана да, жол да салынады.Осылайша, тұтас өңірлердің тұрақтылығы қалыптаспақ», — дедіол.Бүгінде Қазақстан Еуразиядағы ең ірі көлік-транзиттік хабтардың біріретіндегі позициясын нығайтып келеді. Былтырғы қорытынды бойыншасала 20,4%-ға өсіп, оның ЖІӨ-дегі үлесі 6,1%-ға жетті, ал транзиттіктасымал көлемі 39 млн тоннадан асты.Партия төрағасының айтуынша, көлік пен логистика – экономикалықөсімнің жаңа табыс көзі. Ал транзит жеке табысы, экономикаға қосатынүлесі жəне жұмыс орындары бар дербес экономикалық салаға айналыпкеледі.«Транзит енді тек жолдар, теміржолдар мен терминалдармəселесі ғана емес. Ол өз табысы, жұмыс орындары,экономикалық өсімге қосатын үлесі бар дербес экономикасаласына айналып келеді. Біз үшін бұл тек жүк тасымалданатынбағыт емес. Бұл – өз өндірісімізді дамыту, экспорт көлемінарттыру жəне еліміздің барлық өңірінде жаңа табыс көздерін құрумүмкіндігі», — деді Айбек Дəдебай.«Қазақстан Автокөлікшілер Одағы» ЗТБ атқарушы директоры МұратАмрин көлік саласы партиямен тұрақты диалог орнатуға жəне заңнамалықбастамаларды бірлесіп əзірлеуге мүдделі екенін атап өтті.«Көлік бизнесі «Əділет» партиясының бағытын қолдайды,себебі ол əділдік, ашық диалог жəне бүгінде еліміздің түкпір-түкпіріндегі кəсіпкерлерді толғандырған мəселелерді іс жүзіндешешу қағидаттарына негізделіп отыр. Дəл осындай тəсілэкономиканың белсенді қатысушыларын партия төңірегінетоптастыруға жəне салаларды дамытуға бағытталған нақтыұсыныстар қалыптастыруға мүмкіндік береді», — деді Мұрат Амрин.Кездесуге қатысушылар теміржол тарифтерін қалыптастыру,инвестиция тарту, халықаралық автомобиль тасымалдарын, жүкавиациясын дамыту жəне саланы одан əрі цифрландыру мəселелерінталқылады. Мемлекет пен бизнес арасындағы өзара ықпалдастықмоделіне ерекше назар аударылды.«Солай бола тұра, бизнес дегеніміз тек кəсіпорындар ғанаемес, ең алдымен сол кəсіпорындарда еңбек ететін адамдар.Сондықтан біз үшін еңбек ұжымдары, мамандар мен инженерліккадрлар тап болатын мəселелерді көру маңызды. Міндеттертүсінікті болуы керек: мемлекет базалық инфрақұрылымдыдамытып, ереже белгілейді, ал бизнес инвестиция салады,қызмет көрсетеді жəне жүк ағыны үшін бəсекеге түседі», — дептүйіндеді партия төрағасы.Іскерлік кеңес тұрақты жұмыс істеуі үшін экономиканың əртүрлісаласын қамтитын жеті тең төраға айқындалды. Олардың қатарынаQarmet жəне Allur Group жетекшісі Андрей Лаврентьев, «Қазақтелеком»АҚ көлікбасқарма төрағасы Бағдат Мусин, кəсіпкер Геннадий Зенченко,Қазақстан инвесторлар одағының басқарма төрағасы Рустам Жүрсінов,Қазақстандық салық кеңесшілері қауымдастығының мүшесі АйжанБалакешова, Қазақстанның жеңіл өнеркəсіп кəсіпорындарықауымдастығының вице-президенті Инна Апенко, сондай-ақ ERGменеджерлер кеңесінің мүшесі жəне Integra Construction KZ бақылаукеңесінің төрағасы Шахмұрат Мүтəліп енді.Кездесу қорытындысы бойынша Айбек Дəдебай Іскерлік кеңестұрақты жұмыс істейтін алаңға айналатынын атап өтті. Онда кəсіпкерлікті,экономиканың түрлі саласын дамыту жəне мемлекет пен бизнесарасындағы өзара ықпалдастықты жетілдіру жөніндегі бастамаларəзірленеді.

