ДомойБас тақырып | О главном«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»: ЖАС ҰРПАҚҚА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»: ЖАС ҰРПАҚҚА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Алматы облысы Іле ауданының №8 өрт сөндіру бөлімінде «Ақжол» балабақшасының тәрбиеленушілеріне арналған Ашық есік күні ұйымдастырылды.Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың өрт қауіпсіздігі туралы білімдерін арттыру, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру және өрт сөндіруші мамандығына деген құрмет сезімін тәрбиелеу.Экскурсия барысында бүлдіршіндер өрт сөндіру бөлімінің тыныс-тіршілігімен танысып, арнайы техникалар мен өрт сөндіру құралдарын тамашалады. Қызметкерлер балаларға өрт сөндіру көліктерінің жабдықтарын таныстырып, арнайы қорғаныс киімдерін көрсетіп, олардың қызметтік маңызын түсіндірді. Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі ережелері туралы танымдық ақпарат беріліп, төтенше жағдай кезінде өзін қалай ұстау керектігі түсіндірілді.Балалар өрт сөндірушілердің күнделікті еңбегімен танысып, олардың қоғамдағы маңызды қызметі туралы мол мағлұмат алды. Танымдық іс-шара бүлдіршіндердің қызығушылығын оятып, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға оң ықпал етті.Осындай тәрбиелік және танымдық кездесулер жас ұрпақтың қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттырып, өрт сөндірушілердің батыл әрі жауапты еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелейді.[17.06, 08:46] +7 707 556 7861: ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ«Заң және тәртіп» қағидаты аясында Іле аудандық полиция басқармасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасылық құндылықтарды сақтау және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі профилактикалық жұмыстар жүргізуде.Осы бағыттағы кезекті іс-шара барысында Іле аудандық полиция басқармасының қызметкерлері «Жанұя» отбасын қолдау орталығымен бірлесіп, қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелге қажетті көмек көрсету шараларын ұйымдастырды.Жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ол Қонаев қаласындағы Дағдарыс орталығына орналастырылды. Қазіргі таңда орталықта оған қауіпсіз уақытша баспана ұсынылып, психологиялық, әлеуметтік және заңгерлік қолдау көрсетілуде. Мұндай кешенді көмек азаматтың құқықтарын қорғауға және қалыпты өмірге оралуына мүмкіндік береді.Іле аудандық полиция басқармасы тұрмыстық зорлық-зомбылық – жеке отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мәселесі екенін еске салады. Осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу әрбір азаматтың бейжай қарамауына және құқық қорғау органдары мен тиісті мекемелердің өзара іс-қимылына тікелей байланысты.Егер сіз немесе жақындарыңыз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болсаңыздар, мәселені жасырмай, дер кезінде құзырлы органдарға немесе арнайы қызметтерге жүгініңіздер. Уақытылы көрсетілген көмек ауыр зардаптардың алдын алып, жәбірленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.Өміріңізге немесе денсаулығыңызға қауіп төнген жағдайда, дереу 102 арнасына хабарласыңыз.Іле аудандық полиция басқармасы – әрбір отбасының қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін қызмет етеді.

Жаңалықтар