


Мерекелік іс-шарада бүлдіршіндерді алғаш болып аудан әкімі Құдабаев Дастан Сұлтанмұратұлы құттықтады. Сондай-ақ, «AMANAT» партиясы Райымбек аудандық филиалының төрағасы Әріпова Гүлнара Рауанқызына сөз кезегі беріліп, балаларға ақжарма тілегі мен ыстық лебізін жеткізді.
Мереке аясында бірқатар балалар арнайы марапатталып, алғыс хаттар мен сыйлықтарға ие болды. Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Омарова Балжан Әбуқызы да өз сөзінде бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, оларға жарқын болашақ тіледі.
Арнайы құттықтаулардан кейін көпшілік кішкентай өнерпаздардың концерттік бағдарламасын тамашалады. Шара соңында балаларға балмұздақ таратылып, жас жеткіншектер ерекше қуанышқа бөленді.

