Хабарландыру!

Назар аударыңыз! Райымбек аудандық Тіркеу және жер кадастр бөлімі хабарлайды. Мемлекеттік бағдарламалар аясында (2,5 пайыздық несие, «Дипломмен ауылға» және басқа да жеңілдетілген несиелер) жылжымайтын мүліктеріңізді (тұрғын үй, ғимарат, кәсіпкерлік нысандар,шопан үйі) кепілге қою кезінде, егер үйлеріңізде қандай да бір өзгерістер болса, құжаттарыңызды уақытында заңдастыру қажет. Кепілге қойылған мүлікке бағалау жүргізілген кезде, құжаттардағы мәліметтер мен нақты нысанның (фото/сурет) сәйкессіздігі анықталса, құжаттар жарамсыз деп танылуы мүмкін. Осыған байланысты, үйлеріңіздің техникалық паспорттарын және басқа да құжаттарын ретке келтіріп, анықталған кемшіліктерді уақытында түзетіп, ескі құжаттарды қайта тіркеуден өткізулеріңізді сұраймыз.

Жаңалықтар