Домойhantengrigazeti.kz ақпаратДаулы миллиард Алматы облысында субсидиядағы түйткіл шешіліп, шаруа қожалыққа төленді

Даулы миллиард Алматы облысында субсидиядағы түйткіл шешіліп, шаруа қожалыққа төленді

Алматы облысында шаруа қожалығының бір жарым жыл бойы ала алмай келген субсидиясы төленді. Мемлекеттен тиесілі қаржыны ала алмай жүрген кәсіпкердің мәселесі араға уақыт салып оң шешімін тапты.Анықталғандай, шаруақожалыққа тиесілі субсидия ұзақ уақыт бойы төленбей, кәсіпкердің заңды құқығы бұзылған. Осыған байланысты қызмет алушы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысының департаментіне шағымданған.Шағым негізінде жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында бірқатар заңбұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, өтініш берушіге субсидияның тек бір бөлігі ғана төленіп, қалған қаржы уақытылы берілмеген. Бұдан бөлек, төлем кезектілігі сақталмай, кейін өтініш берген өзге қожалықтарға қаражат кезектен тыс аударылған.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, субсидиялар белгіленген кезек тәртібімен төленуі тиіс. Алайда Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан бұл талаптар ескерілмеген.Нәтижесінде, шаруа қожалығы 1,5 жыл бойы өзіне тиесілі қаражаттан қағылып, құқықтары өрескел бұзылған.Мәселен, кәсіпкер 2024 жылдың қазан айында өтініш берген. Ал субсидия төлеуге қаражат 2025 жылдың ақпанында бөлінгенімен, жауапты орган тарапынан тиісті төлем жүргізілмегені анықталды.Тек уәкілетті органның араласуынан кейін ғана, 2026 жылдың ақпан айында шаруашылыққа 1 миллиард теңге көлемде қаражат аударылып, кәсіпкердің құқығының бір бөлігі ғана қалпына келтірілді.Департамент бұл бағыттағы жұмыстарды кәсіпкердің құқықтары толық қалпына келгенше бақылауда ұстайды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бас маманы

Сержан Ерғалиұлы Атайбеков

spot_img

Жаңалықтар